Семейде облыстық тарихи-өлкетану музейінің жауынгерлік және еңбек даңқы бөлімінде ҚР Отан қорғаушылар күні қарсаңында әскери қызметшілердің “Ер – елінің қорғаны” атты студенттермен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шарада қаланың электротехникалық колледжінің студенттері 28738 әскери бөлімінің зеңбірек артиллериялық батареясының командирі Мұстафин Айдын Саматұлымен; 36803 әскери бөлімінің әскери зымыран дивизионының штаб бастығы капитан Маханбетов Алтынбек Бекболатұлы және взвод сержанты, жауынгерлік және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі нұсқаушысы аға сержант Асхатұлы Ұланмен кездесті.
Әскери қызметшілер балаларға қызметтері туралы, жауынгерлік серіктестік туралы, әскери мамандықты меңгерудегі қажетті білім мен дағдылар туралы, әскери оқу орындары туралы, әскери атақ алу және әскердің белгілі бір түріне қалай әскери қызметкер орналасуға болатынын айтып берді. Студенттер әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Қонақтар үшін қалалық мәдениет сарайының әртістері патриоттық әндер орындады.
Semeynews.kz