ҚазақстанТОПЭкономика

Қант бағасын көтерген кәсіпорынға қатысты тергеу басталды – агенттік

Қант сату нарығындағы субъектілердің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті 14 мамырда «Open Space» алаңында қантты көтерме саудада өткізумен айналысатын субъектілер өкілдерінің қатысуымен кездесу өткізді.

Қатысушылар қантты көтерме саудада өткізу нарығындағы ағымдағы жағдаймен танысты. Атап айтканда, монополияға қарсы департамент жүргізілген талдау нәтижелері туралы хабардар етті, оның қорытындысы бойынша «Көксу қант зауыты» ЖШС және «Ақсу қант» ЖШС іс-әрекеттерінде ҚР ӨК 170-бабын бұзу белгілері-қантты бастапқы сатуды жүзеге асыратын нарық субъектілерінің келісілген іс-әрекеттері анықталды. Екі кәсіпорынға да бәсекелестік заңнаманы бұзу белгілерін жою туралы хабарлама жіберілді.

Көксу қант зауыты» ЖШС департаменттің хабарламасын 1 кг үшін қантты сату құнын орташа есеппен 10 теңгеге төмендету жолымен орындады.

«Ақсу Қант» ЖШС департаменттің хабарламасын орындаған жоқ. Осыған байланысты «Ақсу Кант» ЖШС-не қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеу басталды.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button