Семейде “Абай мергені – 2023” әскери-спорттық шарасы өтті
Семейде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған “Абай мергені-2023” облыстық әскери – спорттық турнирі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Спорттық іс-шара Дарынды балаларға арналған Ш. Уәлиханов атындағы “Жас Ұлан” мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернаты базасында өтті.
Бұл турнирдің мақсаты-салауатты өмір салтын насихаттау, спортшылардың тактикалық және техникалық шеберлігін дамыту, үздік спортшылар мен командаларды анықтау.
Семей қаласының ҰҰ 5511 әскери бөлімінің әскери оркестрі қатысушыларды алып, күтпеген тосынсый жасады.
Ашылу салтанатында қатысушыларды ҚР Әскери күштерінің ардагері полковник Александр Коновалов, ауған жауынгерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Боранбай Бегатов, Абай облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Қанат Шәріпханов құттықтады.
Semeynews.kz