6 сәуірде жанданған “Елімай” Қазақстанның Бірінші лигасында өзінің алғашқы ресми матчын өткізеді

“Елімай” командасы Қазақстанның Бірінші лигасындағы алғашқы ойынын оралдық “Ақжайық” командасымен өткізеді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бірінші лиганың басталуына дейін Семей командасы үшін ел Кубогының алдын ала кезеңі нақты тексеру болды. Өкінішке орай, Елімай плей-оффқа өте алмады, бірақ 2 айда жиналған команда үшін ол лайықты ойын көрсетті.
Аты аңызға айналған Самат Смақовтың шәкірттері үшін алғашқы матч күрделі болды. Жігіттердің қобалжығаны байқалды – бұл маусымның алғашқы ресми матчы, сонымен қатар үлкен футболдың оралуын көп жылдар күткен семейлік жанкүйерлері үшін үлкен жауапкершілік. Бірақ соған қарамастан команда жылдар бойы тамаша ойын көрсетіп келген “Жеңіс” командасына небәрі 0-1 есебімен жол берді.
Жаттықтырушылар штабы мен ойыншылар қажетті қорытынды жасады, ал “Арыс” командасына қарсы екінші матч мүлдем өзгеше болды. Команда біртұтас, сабырлы, жинақы болды және 3-0 есебімен жеңіске жетті. Осыдан кейін “Тараз” командасын ойсырата жеңіп, “Тұран” командасына есе жіберіп алды. Осы матчта “Елімай” төрешіден “қос жаза” алды: команда қақпасына пенальти берілді және ойыншы алаңнан қуылды. Айта кету керек, бұған дейін “Елімай” есепте алда болып, ойынды толықтай бақылаған болатын.
Ел Кубогының алдын – ала кезеңі жаттықтырушылар штабына да, жанкүйерлерге де үлкен ой берді. Ең бастысы – “Елімай” қайтып келді.
Команда батыл, берік және ынталы. Бірінші лигадағы “Елімай” командасының қарсыластары оңай болмайды.
Алға, «Елімай»!
Semeynews.kz