Семей қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Азат Кусайновтың сайлауалды бағдарламасы
Кусайнов Азат Оразаевич, 1983 жылы 20 қаңтарда Семей облысы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген.
1989-2000 жылдар аралығында Семей қаласындағы № 33 орта мектепте білім алған. Үш жоғары білімі бар: Орта – Азия Университет (заңгер), Шәкәрім атындағы СМУ (қаржыгер), КазИГЗУ (құқық ғылымдарының магистрі).
Азат Кусайнов көпбалалы отбасында дүниеге келген. Әкесінен жастай айырылған. Інілері мен әпкелеріне көмектесіп, олардың білім алуларына, жұмысқа тұруларына, отбасыларын құруларына жағдай жасады. Үйленген, үш бала тәрбиелеуде.
Соңғы 15 жыл бойы № 6 округтің аумағында тұрады, осы аумақтын проблемаларын жақсы біледі. Кандидаттың балалары осы аумақтағы орта мектепте білім алады, осы аумақта тұрады және ойнайды, сондықтан осы аймақтың дамуы және бағдарламаның орындалуы кандидатқа ерекше маңызды.
Азат Кусайновтың заң және қаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын әскери мекемелерде әскери заңгер, “ҚТЖ” ҰК АҚ-да, “Банк ЦентрКредит” АҚ-да, “Еуразиялық банк” АҚ-да заңгер және қаржыгер лауазымдарында жұмыс істеген, соңғы 5 жылда заң бөлімінің бастығы және “Jusan Bank” АҚ-да бөлшек бизнес жөніндегі директоры. Қоғамдық жұмыстармен белсенді айналасты, атап айтқанда: жастарға тәрбие беру жұмысы, халыққа әлеуметтік көмек көрсету жұмысы (2000жылдары «Жастар таңдауы» ҚБ басшысы болды, «Жастар және балалар ұйымыныңда» қоғамдық жұмыста болды, тағы айта кетсе, Комсомол кентінің белсендісі, су және электр мәселесін шешуге біраз күш қосты).
- Мен өзім бұрын депутаттарға дауыс бердім, содан кейін олардың әрқайсысы жоғалып кетті, проблемалар жылдан жылға ауыса берді, осы стереотипті бұзуды тілеймін, қолжетімді боламын. Менің тарапымнан үнемі кері байланыс, сіздермен және билік арасында байланыс болады. Қалалық мәслихат депутатының өкілеттігін пайдалана отырып, № 6 округтің келесі мәселелерін шешуге барынша күш салатын боламын (“Шағала” ауданы, “Нахаловка” ауданы, Цемпоселок, Шпалзауыты, 14 шағын аудан, 905 құрылыс, Үш бұрыш, Комсомол кенті, 66 квартал), – дейді кандидат.
Азат Кусайновтың сайлауалды бағдарламасы: «Сөзбен емес, іспен дәлелдеймін!», «Бірігіп көтерген жүк жеңіл».
№ 6 округтің (№ 34, 36, 27, 28, 31 учаскелердің) келесідей мәселелерін шешуге ниетті:
– Қалалық көлік мәселесі (автобустар жеткіліксіз, ерте маршрут ақталады)
– Округ бойынша саябақтың, аллеяның, жағажайдың болмауы;
– Ішкі көшелердің «жан түршігерлік» жағдайы, тұрғын үйлердің абаттандырылмаған аулалары (жолдар жоқ, люктер жоқ, көгалдандыру жоқ, бардюралар мен тротуарлар тозған, алаңдардағы резеңке жабынның және аулаларда “жатқан полицейлердің” болмауына байланысты балалар жарақаты);
– Балалар, воркаут, спорт алаңдары, футбол және хоккей алаңдары жоқ;
– Лифт шаруашылығының қорқынышты жағдайы, үйлер мен жертөлелердің шатырлары мәселесі, ескі үйлерді толық қайта қарау қажеттілігі, мемлекеттік жаңғырту бағдарламасына енгізу.
– Қоқыс мәселесі, қоқысты шығару проблемалары (уақтылығы, жүйелілігі, сапалылығы маңызды);
– Ғимараттың қасбеттерін жөндеу, облыс орталығына жаңа заманауи көрініс беру;
– Көшелер мен аулаішілік көшелерде жарықтандырудың болмауы;
– Округті бейнебақылау жүйесімен жеткілік қамтамасыз ету;
– Тұрақ мәселесі (болмауы және жеткіліксіздігі);
– Жолдар уақтылы тазаланбайды, кәріз жүйелері жұмыс істемейді, нөсер жүйелері жоқ;
– Сумен жабдықтау, жылыту жүйелерінің проблемалары;
– Бірінші қажеттіліктегі тауарларды сату бойынша әлеуметтік дүкендердің болмауы;
– Медицина, білім беру, спорт, әлеуметтік сала мәселелері;
– Қалалық және облыстық бюджеттің атқарылуын оның шығыс бөлігінің барлық қаражаты біздің қала тұрғындарының игілігі үшін пайдаланылатындай етіп бақылау;
– Көп балалы отбасыларға, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге лайықты өмір сүру құқығын іске асыруға мүмкіндік беру үшін әлеуметтік қорғауды арттыруға және жеңілдіктерді кеңейтуге қол жеткізу;
– Өңірде жұмыссыздық деңгейін төмендету және жастарды жұмысқа орналастыру мақсатында жаңа жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;
– Бұқаралық спортты дамыту мақсатында тегін спорттық секциялар мен үйірме ашу;
- Құрметті жерлестер, “Шағала” ауданы, “Нахаловка” ауданы, Цемпоселок, Шпалзауыты, 14 шағын аудан, 905 құрылыс, Үш бұрыш, Комсомол кенті, 66 квартал (сайлау учаскелері № 24, 26, 27, 28, 31): Мен сіздің коршінмің, халықтың кандидатымын, мен үшін берілген әрбір сайлаушының дауысын бағалаймын. Сіздермен бірге біз № 6 округтің тұрғындары үшін лайықты жағдай жасаймыз. Халық қалаулысы ретіндегі басты міндетім-азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту, олардың мүдделерін қорғау, – деді Азат Кусайнов.
Кандидат Facebook және Instagram-да @azat.orazay парақшаларын жүргізіп, онда халықпен кездесулердің кестесін орналастыруды, сұрақтар қойып, заңгер мен қаржыгердің кеңесін және басқа мамаңдардың кеңесін беруді жоспарлауда. Сонымен қатар кандидат, әрқашан халықтың сындарлы ұсыныстарына қуанышты екенін, оларды жүзеге асыра отырып, жақсы өмір сүре алатындықтарын айтып өтті.
- Баршаңызды 2023 жылғы 19 наурызда сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышыңызды орындауға шақырамын. Өз көршіңізге, халық кандидатына дауыс беріңіз, дұрыс таңдау жасаңыз, сіздің таңдауыңыз өзіңіздің және жаң ұяңыздың өмірің өзгертеді, – дейді А.Кусайынов.
Үгіт материалдарын орналастырғаны үшін төлемді аумақтық сайлау комиссиясы республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізді.
Semeynews.kz