Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов 2-3 жылда барлық мектепке талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отырыста Үкімет басшысы мектептерде оқу процесін цифрландыру жайында баяндама жасаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектен: «Барлық мектепте талшықты-оптикалық байланыс желілерін тартуды қанша уақытта іске асырасыздар?», – деп сұраған еді.
Сұраққа жауап берген вице-министр оған 4 жыл керек екендігін айтты.
Оның атап өтуінше, 525 мектепке 2024 жылы, 558 мектепке 2025, 1006 мектепке 2026 жылы, 1035 мектепке 2027 жылы талшықты-оптикалық желілер жеткізілетін болады.
«Бұл жұмысты жеделдету керек. 4 жыл емес, 2-3 жылдың ішінде бітіру керек», – деді Премьер-Министр.
Semeynews.kz