Абай облысыҚоғамСемейТОП
Красноярск қаласында Красноярск өлкесі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Красноярск қаласында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Красноярск өлкесінің губернаторы Александр Усстың қатысуымен Красноярск өлкесі мен Абай облысы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесуде өңірлік даму перспективалары талқыланды.
Негізгі бағыттардың ішінде:
1. Инвестициялық саясатты қалыптастыру
2. Инвестицияларды тарту бойынша жол картасын құру (жұмыс тобы да құрылды)
3. Білім беру және басқа салалар бар
- Біз мемлекеттік деңгейде де, бизнес деңгейінде де жұмыс істейміз. Соның нәтижесінде кем дегенде бір келісімшарт жасалса, бұның өзі біз үшін жақсы нәтиже, – деді Нұрлан Ұранхаев.
Semeynews.kz