Абай облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Асхат Чакенов №2 сайлау округінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Асхат Чакенов жинақталған проблемалар туралы ашық айтып, оларды шешуге және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға күш салғысы келеді.
«Біздің басты мақсатымыз – Әділ Қазақстанды құру, мен өз алдыма мемлекеттік қызметтер жүйесін және цифрландыру процесін жақсарту міндетін қойдым. Абай облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалының директоры бола тұра, мен мемлекеттік қызметтер сервисін жақсарту үшін барлық жағынан жұмыс істеймін, осы сервисті дамыту және жақсарту үшін өз бастамаммен Семей қаласында жаңа ХҚКО ашу процесін бастадым. 2003 жылғы әлем чемпионы атағына, сондай – ақ самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо күресінен спорт шебері және қазақша күрестен спорт шебері атағына ие бола отырып, Абай саласындағы кәсіби спортты дамытуға барынша қолдау көрсетуді жоспарлап отырмын», – дейді кандидат.
Асхат Мейрамбекұлы Чакенов, 1984 жылы 5 қазанда Семей облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген.
2001 жылы Семей қаласындағы № 6 мектеп-гимназиясын аяқтап, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне жоғарғы оқуға қабылданды. Оқу орнын 2005 жылы “Халықаралық құқық” мамандығы бойынша тәмамдаған. 2015 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетін “Мұнай-газ ісі” мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылы үйленген, төрт бала тәрбиелеуде. “Самбо” күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2003 жылғы әлем чемпионы, бірнеше дүркін Әлем және Азия жүлдегері, “Дзюдо” және “Қазақша күрес” күресінен спорт шебері.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласында штаттық ұлттық командалар дирекциясы РМҚК-да жаттықтырушының көмекшісі ретінде бастады.
2005 – 2008 жж. – “Қазтрансконтрактинг” ЖШС коммерциялық директоры;
2009 – 2011 жж. – Өскемен қаласында “ВостокЗемСтройПроект” ЖШС басшысы;
2011 – 2013 жж. – “ХҚКО” РМК ШҚО бойынша филиалының директоры; “Е-gov” және мамандандырылған ХҚКО жобаларын енгізумен айналысты.
2013 – 2015 жж. – “ХҚКО” РМК Алматы бойынша филиалының директоры;
2015 – 2017 жж. – Алматы қаласындағы “Қазпошта” АҚ “Оңтүстік” ЛОИ филиалын басшысы;
2017 – 2020 жж. – ШҚО бойынша “ҚазМұнайГазӨнімдері” ЖШС филиалының директоры;
2022 жылға дейін – Алматы қаласында “Көктем трейд СҮ” ЖШС атқарушы директоры.
Қазіргі уақытта Абай облысы бойынша “Азаматтарға арналған үкімет “Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ директоры болып жұмыс істейді. Асхат Чекенов спортшылармен кездесті. Кездесуде ол өз тәжірибесімен бөлісті. Төзімділік, табандылық және шыдамдылық – кез келген салада табысқа жетудің негізгі шарттары. Мәселен, кандидат Абай облысы халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуды, азаматтар мен олардың отбасыларының өмір сүру деңгейін арттыруға жәрдемдесуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, цифрландыруға ерекше назар аударылатын болады, атап айтқанда, Асхат Чакенов Абай облысының шалғай аудандарының интернеті мен мобильді желілеріне қол жеткізулерін жоспарлап отыр. Депутаттыққа кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты қайта құру, жолдарды, тротуарларды жөндеу, қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелдерін жайластыру қажеттігіне назар аударады.
Облыс депутаттығына кандидат А.Чакеновтың сайлау қорынан төленді.
Semeynews.kz