Сайлау 2023: ақпараттық хабарлама
Қазақстан Республикасының Президенттігіне
кандидаттардың сайлау науқанын ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«Abay Media Group» ЖШС SEMEYNEWS.KZ желілік басылымының (бұдан әрі – сайт) меншік иесі бола отырып, Қазақстан Республикасының 28.09.1995 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес сайтта үгіт материалдарын орналастыруға арналған төлем мөлшері, басылым беттерінен орын беру шарттары мен тәртібі туралы хабарлайды.
№ | Қызмет түрі | Өлшемі | Бағасы/тг |
1. | Текстік материалдар | 1 мақала (3000 символға дейін) | 15 000 |
2. | Текстік материалдар | 1 мақала (3000 символдан жоғары) | 25 000 |
Тапсырыс шеңберінде дайындалған барлық материалдар желілік басылымның әлеуметтік желілерінде қайталанатын болады.
Сайт жазбаша өтініш пен Сайт иесі мен кандидат арасында не кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарты және жазбаша өтініші негізінде Интернет-алаңды ұсынады. Үгіт материалдарының саны мен орналастыру кезеңі кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, содан кейін олар шартта тіркеледі.
Өтініш кезектілік тәртібімен кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;
кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш беруші адамның жеке куәлігінің көшірмесі;
шарт жасасу үшін адамның өкілеттігін растайтын құжаттар.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру жазбаша өтініштердің түсу тәртібімен не егер өтініштер бір мезгілде келіп түскен жағдайда жеребе бойынша белгіленеді. Орналастырылған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және сайттың мобильді қосымшасында қол жетімді болады. Үгіт материалдары сайтқа орналастырылған күнге дейін күнтізбелік 1 (бір) күннен кешіктірілмей ұсынылады.
Үгіт материалдарында қаржыландыру көздері туралы көрнекі ақпарат және ақпарат берген тұлғаның тегі болуға тиіс. Үгіт материалдарын ұсынған кандидаттар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Сайттың меншік иесі үгіт материалдарында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгерту, тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табынуды қоздыру, заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құралымдар құру идеялары болса, сондай-ақ оларда Қазақстан Республикасы Президенттігіне басқа кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруге қабілетті ақпарат болған жағдайда орналастырудан бас тартуға құқылы. Үміткер Сайт иесінің талабы бойынша жоғарыда көрсетілген сипаттағы материалдарды растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды ұсыну шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.
Сайтта үгіт материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлем шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сайт меншік иесі қойған төлем шоты негізінде жүзеге асырылады.
Semeynews.kz