ШҚОТОП

Алтай ауданынан Риддер тұрғындарына бауырластық қолдау

Алтай ауданы Риддер тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті, деп хабарлайды Semey News.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бірнеше күн ішінде «Наш город Зыряновск» жеке қайырымдылық қорына кәсіпкерлер, әкімдік қызметкерлері мен аудан тұрғындары атынан 8 миллион теңгеден астам қаражат жиналды.

Барлық жиналған қолдау қаражаты Риддер қаласының «Бірлік» қайырымдылық қорына аударылды.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының Алтай ауданындағы филиалында гуманитарлық көмек акциясы жарияланып, аудан тұрғындары, кәсіпкерлер, аумақтық ұйымдар белсенді қатысып, 2 тоннадан астам әр түрлі тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена заттарын, көрпелер-жастықтар, балаларға арналған 11 төсек пен құрылыс материалдары жиналды.

Гуманитарлық жүктер тиелген көлік Риддер қаласына аттандырылды.

Semey News.

Осы айдарда

Back to top button