Абай облысыҚоғамПроблемаСемейТОП
Семей әкімдігі: автобустар штаттық режимде жұмыс істейтін болады
2023 жылғы 5 ақпанда әлеуметтік желіде 6 ақпанда “Семавтопарк” кәсіпорнының жүргізушілері төмен жалақыға байланысты ереуіл жоспарлап отырғаны туралы ақпарат таратылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
“Тасымалдаушының ақпараты бойынша жүргізушілермен әңгіме жүргізілді. Техниканың шығуы штаттық режимде жоспарлануда. Сондай-ақ, осы фактіні болдырмау үшін 06.02.2023 ж. таңертең Семей қаласы әкімдігінің көлік бөлімінің басшысы, сондай-ақ осы кәсіпорынның директоры қысқа мерзімде жалақы мәселесін жою жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Жағдай қала әкімдігінің бақылауында”, – делінген ресми хабарламада.
Semeynews.kz