
ШҚО әкімінің баспасөз өызметінің хабарлауынша, соманың басым бөлігін, атап айтқанда 10 млн.теңгені “Фирма Азия” ЖШС бөлген.
– Тек бірігіп қана біз барлық қиындықтарды жеңе аламыз. Бұл жағдайда да жерлестерімізге көмек көрсетуіміз керек. Барлық немқұрайлы емес тұрғындар мен кәсіпкерлерді өрт салдарынан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсетуге шақырамын, – деді “Фирма Азия” ЖШС директоры Сәуле Досқожанова.
Айта кету керек, қала кәсіпкерлері 15 тоннаға жуық азық-түлік жинады. “Агрофирма – Приречный” ЖШС 5 тонна пияз және 5 тонна қырыққабат бөлді. “Ай-Ар” ЖШС 350 кг 1 сұрыпты ұн, “АҚ-нан КЗ” ЖШС 250 кг ұн. “Семнан” ЖШС-і өз өндірісінің ұннан жасалған кондитерлік өнімдерін, атап айтқанда 10 қорап печенье, 10 қорап қытырлақ нан және 10 қорап тәтті тоқаштар жіберді. “Semei Qus” ЖШС 2 санаттағы 10 қорап жұмыртқа. Ал “Апрель” көпфункционалды кешені гуманитарлық көмек үшін 50 кг күріш, 100 кг макарон өнімдері, 50 кг қарақұмық жармасы, 50 литр күнбағыс майы, сондай-ақ 50 кг ұн мен қант бөлді.
Бүгін Семей аталған көмек қоры жиналған екі жүк көлігі Риддер қаласына жөнелтілді.
Semey News.