
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Семей қаласының ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері басқа да табиғатты қорғауға жауапты мекемелермен бірлесіп, “ДРОН” пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, Семей қаласы аумағындағы Ертіс өзені және басқа да су қоймаларында балықтардың уылдырық шашу маусымы кезінде браконьерлік жасаушылардың жолын кесу бағытында іс- шаралар өткізді. Осы шара барысында заңсыз құралдар мен балық аулаған тұлғалар анықталып,олардың үстілерінен ҚР ҚК 335-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар барысында ҚР ӘҚБ кодексінің 383-бабының 1-бөлігі бойынша 12 әкімшілік бұзушылық және 382-бабының 1-бөлігі бойынша 2 факт анықталып кінәлілердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылып,айыппұл салынды.
Semey News.



