
«Шығыс» ӨҚ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша жас сарбаздар әскери бөлімнің құрылу тарихымен және басшылық құраммен таныстырылды. Тәжірибелі офицерлер мен сержанттар әскерге шақырылушылармен жас сарбаз курсын өткізеді және әскери қызметке бейімделуге көмектеседі. Курсты аяқтағаннан кейін сарбаздар әскери ант қабылдайды.
- Біздің әскери бөлімде жас сарбаздармен кездесу өтті, оған біз тыңғылықты дайындалдық – деді инженерлік-саперлік полк командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Кенжебек Нұрбеков.
Semey News.