Абай облысыҚоғамСемейТағайындауларТОП

Семей қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Базарбаев Руслан Ерланұлы Семей қаласы  әкімнің орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары “Астана – жаңа қала” арнайы экономикалық аймақтарды әкімшілендіру басқармасының бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.

“Қазтехнология” АҚ бас менеджері. Сондай – ақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (қазіргі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі) Инвестициялар комитетінде қызмет атқарды.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы, бас консультанты, бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button