Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылының өлкетану музейі Семей қаласындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлігі болып табылады. Биыл бұл филиалға 10 жыл толады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Музейде облыстың тарихын, этнографиясын көрсететін экспонаттар сақталған. 350 шаршы метрдегі бір шағын залда 10-ға жуық экспозиция орналасқан: тас және қола ғасыры құралдарының үлгілері, жануарлар коллекциясы, “Ұлылар мекені” экспозициясы, Қазақстан тәуелсіздігі мен Абай облысының тумалары, соның ішінде ҰОС батырлары, қазақ батырлары, халық әртістері мен спортшыларына арналған экспозиция. Мұражай қызметкерлері, штат бойынша 7 адам экспонаттардың тарихын егжей-тегжейлі айтып, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа мұражайда сақтаулы барлық экспозицияларды көрсетті.
“Бұл экспозициялар Қазақ хандығынан бастап Алаш автономиясына дейінгі тарихи кезеңін және еліміздің мәдениет, ғылым, спорт, әдебиет тарихын қамтиды. Осыдан екі жыл бұрын біз Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов сияқты тарихи тұлғалармен байланысты Абай облысының киелі жерлерінің картасын орнаттық. Бұл карта әрқашан музейге келушілерді ерекше қызықтырады. Біздің мұражайда бірегей экспонаттардың ішінде қола дәуіріне жататын Шыңғыстаудағы қазба жұмыстарынан алынған артефактілер, Шәкәрімнің белдігі сақталған. Сондай – ақ, жергілікті мектеп оқушылары – біздің тұрақты қонақтарымыз, мұнда өлкетану сабақтары, экскурсиялар өткізіледі, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай біз олар үшін дәріс өткізуді жоспарлап отырмыз. Бізге жылына 20 мыңға жуық адам келеді”, – дейді музей директоры Қайрат Сабырбаев.
Мұражай қызметкерлері әкіммен ғимаратты орталық жылуға қосу туралы өтінішімен бөлісті.
Semeynews.kz