Абай облысыМәдениетҚала тарихыҚоғамМерекеСемейТОП

Семейде қала күні мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты

Қала күні Абай марафонын кейін Орталық алаңдағы мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала күнін атап өту бағдарламасына сәйкес, мұражайлар мен кітапханалардың қала тарихынан сыр шертетін көрмелері, қолөнер шеберлерінің туындылары жарқырата көрсетілген жұмыстарымен, жастардың Арбаттағы жанды дауыстағы аспаптық музыкасымен жалғасын тапты.

Жағалауда қала мектептері мен мектепке дейінгі мекеме тәрбиеленушілерінің қолөнер туындылары көрмесі, интеллектуалды ойындар ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейхан, Қайым Мұхамедханов, Әміре Қашаубаев, Ф.Достоевский және Ш.Уәлиханов ескерткіштері мен «Өлімнен де күшті» монументіне тағзым жасалып, гүл шоқтары қойылды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Семей қаласында қала күнін мерекелеу аясында «Спартак» стадионында Абай облысының құрылуына және Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған  2013-2014 жылдары туған жас футболшылар арасында футбол турнирі өтіп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button