Абай облысыҚоғамМәдениетСемейТОП
Абай облысында “Еңлік-Кебек” монументі қалпына келтірілуде

Абай облысында “Еңлік-Кебек” монументі қалпына келтірілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай Абай ауданы аумағындағы “Еңлік-Кебек” кесенесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, ғашықтардың құрметіне ескерткіш орнатылады. Жұмыстарды қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарлануда.
Semeynews.kz