ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде масаларды улауға 3 млн теңге бөлінді

Семейде қаланы санитарлық тазалау және аббаттандыру бойынша екіайлық басталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Апта сайын сенбіліктер жүргізілетін болады, оған барлық меншік нысандарының иелері қатысады. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қ. тұрғын үй коммуналдық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев айтып берді.

  • Біз мекеме басшыларына санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін ескертудеміз. Мекемелерге және шағын және орта бизнес нысандарына учаскелерді бекітеміз. Сонымен қатар жұмыстар пәтер иелерімен және жер үй иелерімен де жүргізілетін болады. Сондай-ақ меншік иелерін аумақтағы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын ұйымдармен келісімшарттар жасасуға шақырамыз. Естеріңізге сала кетейін, 1 шілдеге дейін қоқыстарды шығаруға тарифті көтеруге мораторий енгізілді, – деп мәлімдеді Амантай Өтелбаев.

Сенбіліктерді өткізу үшін барлық қажетті құрал-жабдықтар мен арнайы техникамен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар қаланың кіреберісі, зираттар аумағы тазартылады, ретке келтіреледі. Дизенсекциялық жұмыстарды жүргізу жоспарлануда. Бұл мақсатқа 3 млн теңге бөлінген.

  • Бүгінгі таңда Семейде жүзден астам қоқыс жиналып қалған жерлер бар, оның барлығын тазарту қажет. Осы бағытта жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ дезинсекция жұмыстары да жүргізілетін болады. Қазір біз бәрін аралап, орындарды қараудамыз. Жұмыс 20 сәуірден кейін басталады. Оны су айдындары аумағында, жағалауда, Бейбітшілік аралында, 1-ықшам ауданында жүргізетін боламыз, – деп қосымшалады ТКШ бөлімінің басшысы.

Биылғы сонымен қатар орталық саябаққа косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу, сонымен қатар электр жабдығымен және су құбыры мәселелерін шешу жоспарлануда. Сонымен қатар қалада 5 мыңнан астам көшеттер отырғызу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button