ҚазақстанҚоғамТОП

Президент азаптаумен байланысты қылмыстарды Бас прокуратураға жүктеуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеру туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаптаулармен байланысты қылмыстарды тергеп-тексеруге жүйелі тәсілдеме керек. Қазіргі уақытта бұл бағытқа жауап беретін нақты бір орган жоқ. Бұл тәжірибе белгілі бір сын-қатер тудыруы мүмкін. Сондықтан бұл функцияларды Бас прокуратураға міндеттеуді ұсынамын. Бұл тәсіл тергеудегі ашықтық пен бейтараптықты қамтамасыз етеді, құқық қорғау саласындағы бассыздық үшін жазаның бар екенін көрсетеді», – деді Қ. Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Конституциялық сот құруды ұсынған еді. Онда Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беруді ұсынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button