ШҚО ТЖД баспасөз қызметінгің хабарлауынша, “Алматы-Өскемен” тасжолында жол-көлік оқиғасы орын алды. Аягөз қаласынан 40 шақырым жерде «Mercedes» көлігі «DAF» көлігімен соқтығысқан. Соққы «Mercedes» көлігінің бүйір тұсынан келген, осылайша жүргізуші көлікте қыстырылып қалған.
Оқиға орнына трассадағы медициналық-жедел жәрдем қызметі келіп, құтқарушылар гидравликалық құралдардың көмегімен жүргізушіні шығарып алып жедел жәрдем қызметіне тапсырды. 1992 жылғы жүргізуші сол уақытта есінде болды, ал қалған жолаушылар зардап шеккен жоқ.
Semeynews.kz