ШҚО ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, 15 ақпанда сағат 20:30-да Аягөз қаласынан 15 шақырым жерде республикалық маңыздағы автожолда 3 жолаушысы бар жеңіл автокөлік сынып, қолайсыз ауа-райында жолда қалып қалған. Құтқарушылармен жеңіл көлік және жолаушылары Аягөз қаласына жеткізілді. Медициналық көмекті қажет етпеді.
Осы уақытта Жарма ауданындағы Борсақ ауылынан 4 шақырым жерде ВАЗ-2115 маркалы көлік қар құрсауында қалып қойған. Белгілі болғандай, олар құтқарушылардың ескертулеріне қарамастан, қолайсыз ауа-райы жағдайында Әуезов кентінен Өскемен қаласына бағыт алған. Қар құрсауында қалғаннан кейін жүргізуші “112” арнасына хабарласқан. Оқиға орнына келген құтқарушылар тростың көмегімен көлікті сүйреп алып шығып, облыс орталығына дейін жетулеріне көмектесті.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтауды, қолайсыз ауа-райында жолға шықпау қажет екенін, сонымен қатар жолдардың жағдайын Дармен қосымшасы арқылы білуге болатынын еске салады.
Semeynews.kz