
Былтырғы жылы еліміздің шығысында барлығы 280 млрд теңгеге 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. Мұның шамамен 602,8 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы көлемге қарағанда 116% – ын өсті, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Өңірде жеке инвестицияларды тарту есебінен коммерциялық тұрғын үй салу тетігі әзірленді. Құрылыс салушылар 479 мың шаршы метрге 82 коммерциялық үйдің құрылысын жүргізілді. Оларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер учаскелері берілді.
Сонымен қатар, ШҚО-да «Бір қабатты Шығыс» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Оның аясында мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар жүргізілуде.
2021 жылы жеке инвесторлардың жеке тұрғын үй салу қарқыны едәуір артты. Олар 16 млрд. теңгеге 735 бір қабатты үй салды.
Мәселен, Өскеменде 12 қабатты төрт және 16 қабатты бес тұрғын үй салынды. Семейде 15 көпқабатты және көп пәтерлі үйлер бой көтерсе, Зайсан қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй салынуда. Ал, Катонқарағай ауданының Үлкен Нарын ауылында 30 пәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Барлық үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оның ішінде сыртқы су құбыры, кәріз және жылумен жабдықтау желілері тартылды.
Semeynews.kz