ШҚОҚоғамТОПШҚО

Шығыс Қазақстанда орталық сумен қамтамасыз ету бойынша 63 жобасы жүзеге асырылды

ШҚО-да орталық сумен қамтамасыз ету бойынша 55 млрд теңгенің 63 жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылға қарай халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету тапсырмасын орындау аясында 2021 жылы құны 55,2 млрд. теңге болатын 63 жоба іске асырылды.
40 сумен жабдықтау және су бұру нысаны , оның ішінде 36 нысан ауылдық елді мекендерде, 4 – еуі Өскемен,Семей және Риддер қалаларында пайдалануға берілді.

Су құбыры желілері және су тарту құрылыстары Бесқарағай ауданының Қарабас, Долон ауылдарында, Жарма ауданының Кіші Қарасу ауылында, Күршім ауданының Маралды ауылында, Ұлан ауданының Герасимовка, Ново-Одесское, Гагарино ауылдарында, Үржар ауданының Шолпан, Бақты, Елтай, Егінсу ауылдарында, Глубокое ауданының Уварово, Тарханка ауылдарында, Шемонаиха ауданының Пруггерово ауылында салынды. Көкпекті ауданында үлкен жұмыстар атқарылды. Мұнда Көкжота, Аққала, Құлынжон, Миролюбовка, Үлгілі Малшы, Мариногорка, Преображенка, Үлкен Бөкен ауылдарында су жүргізілді.
Абай ауданының Қарауыл ауылында, Бесқарағай ауданының Қарағайлы ауылында, Қатонқарағай ауданының Ақсу, Солоновка, Шыңғыстай, Аршаты ауылдарында, Үржар ауданының Мақаншы және Ақжар ауылдарында, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында, Алтай ауданының Зубовск кентінде су құбыры желілері мен құрылыстарын қайта жаңарту жүргізілді.

Бұдан басқа, саны аз 52 ауылдық елді мекенде 460 млн теңгеге блокты-модульді станциялар орнатылды. Нәтижесінде ауыл халқын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету көрсеткіші жыл соңына дейін 83,2 пайыздан 91,8 пайызға дейін өсті, ал жалпы облыс бойынша халықтың таза сумен қамтамасыз етілуі 96,4 пайызды құрады.

Шығыс Қазақстанда халықтың өмір сүру деңгейін арттырудың негізгі факторы ретінде әлеуметтік, коммуналдық, тұрғын үй, көлік инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді.

2021 жылы жолдарды жөндеуге жалпы сомасы 57,5 млрд. теңге болатын 1,5 мың шақырымнан астам жол жөнделді. Оның ішінде 618 км пайдалануға берілді.

Республикалық маңызы бар 1,1 мың шақырым жолды қайта жаңарту жалғасуда, атап айтсақ 35,8 млрд.теңгеге «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы автожолдың 454 шақырымның 380 шақырымы, «Қалбатау-Майқапшағай» бағытында 415 шақырымның 128 шақырымы және «Таскескен-Бақты» жолының 20 шақырымы жөнделді. 185 шақырым жол 6,8 млрд. теңгеге орташа жөнделді.
Жергілікті маңызы бар жолдар мен елді мекендердің көшелеріне ерекше көңіл бөлінуде. Оның айқын дәлелі, 413 км жол 17,6 млрд теңгеге жөнделді. Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы жалғасуда.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 89 пайызға жетті.
Былтырғы жылы Өскемен қаласы мен Үржар ауылында ұшу-қону жолағын қайта жаңарту аяқталды.
Айта кетейік, теміржол көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар бағыттарды субсидиялауға 597,2 млн теңге, әуе тасымалына – 326,6 млн теңге бөлінді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button