ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

Шығысқазақстандық әйел көршісінің жылжымайтын алдау жолымен өз атына аударып алған

Өскеменде 27 жастағы әйел көршісінің жатақханадағы бөлмесін өз атына аударып алған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Өскемен қаласы ПБ Үлбі ПБ кезекші бөліміне желтоқсан айының басында, 19 жастағы тұрғыны жүгінген. Оны 27 жастағы танысы алдау жолымен оның жатақханадағы бөлмесін иемденіп алғанын айтқан. Келтірілген залал 3 500 000 теңгені құрады.

“Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті әйелді анықтап ұстады. Тергеу амалдары барысында, 19 жастағы көршісінің психоневрологиялық есепте тұратынын білетін 27 жастағы әйел, жәбірленушінің денсаулық жағдайын пайдалана отырып, мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алып, кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін өз атына аударып алған.
Қазіргі уақытта ұсталған әйелге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды”, – делінген ведомство хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190 – бабының 3-бөлігі-алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button