
Оқиға бүгін таңертең Абай даңғылы мен Шәкәрім көшесі бойында орын алды. № 4 бағыттағы трамвайдың тағаннан тайып, қос бағытты бірдей жауыпқалған.
Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі берген мәліметтер бойынша оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.
“Көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды, қазіргі уақытта аталған учаскеде жол қозғалысына еш кедергі жоқ, трамвай депоға жеткізілді”, – делінген баспасөз ақпаратында.
Көлік компаниясы әзірше жағдайға байланысты ақпарат бермеді.