ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

«Балгерге» бағын аштырмақ болған ШҚО тұрғыны барынан айырылды

Үржар ауданының тұрғыны "балгерге" бағын аштырмақ болып, қолындағы барынан айырылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айының соңында Үржар АПБ кезекші бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түсті. Ол оның үйіне келген ұлты сыған «балгер» әйел, сенімге кіре отырып, ерлердің назарын аудару үшін дұға оқимын деп, оның 270 000 теңге сомасындағы ақшасын, 4 алтын сақина мен бір алтын сырғасын иемденіп алғанын хабарлады. Келтірілген залал 680 000 теңгені құрайды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері Алматы қаласының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі- «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button