
Өскемен қаласы ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қалалық ПБ Ертіс полиция бөліміне 69 жастағы зейнеткер хабарласып, оның үйіне көршісі келіп, пышақпен қорқытып, одан 10 мың теңге ақша қаражатын және ұялы телефонын ашық ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 45 жастағы жәбірленушінің көршісін анықтап, полиция бөліміне жеткізген.
– Күдікті өз кінәсін толық мойындаған, алайда заттай дәлелдемелер толық алынбаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 192 – бабы 1б. сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды- деп хабарлайды Өскемен қ. ПБ бастығы Андрей Мула.
Semeynews.kz