ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде, Сәтпаев және Байбатчин көшелерінің қиылысында 2011 жылы шығарылған Toyota Prada көлігінде өрт шықты. Көліктің қозғалтқыш бөлігі, ішкі салоны, алдыңғы орындықтары және алдыңғы доңғалақтары өртенді.
Құтқарушылармен 4 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді.
Өрттің шығу себебі, алдын ала болжам бойынша – қауіптілігі жоғары қондырғылары абайсыз пайдалану.
Semeynews.kz