
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына келіп және газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны барлау жасау кезінде қатты түтінделген пәтерде жану өнімдерімен уланған белгілері бар ес-түссіз күйде жатқан ер адамды тауып алды. Зардап шегушіні жедел эвакуациялап, 1-МӨСБ өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жедел жәрдем келгенге дейін жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы реанимациялық әрекеттер жүргізді.
“1958 жылы туған ер адам ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, құтқарушылар 11 тұрғынды, оның ішінде 1 баланы эвакуациялап, жалпы ауданы 25 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Өрт себебі бойынша темекі шегу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы қарастырылуда”, – делінген хабарламада.
Semeynews.kz