ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО-да спорттық инфрақұрылым кеңейтіледі

Шығыс Қазақстан облысында спорттық инфроқұрылымдар кеңейтіледі, деп хабарлайды Semeynews.kz AltayNews-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар спорт түрлерімен айналысу үшін жағдай жасау қажеттігін, мұның өзі ұлтты сауықтыруға, сондай-ақ, әлемдік аренада елеулі табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беретіні жайлы айтқан болатын.

Осы мақсатта ШҚО-да спорттық инфрақұрылымды кеңейтуді жалғасуда. Өткен жылы 6 ірі жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді: 4 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 2 бассейн. Биыл тағы да 14 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Атап айтқанда, үстел теннисі орталығы, 11 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 2 спорт модулі.

2023-2025 жылдар аралығында 10 спорт нысанының құрылысы жоспарлануда: Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында және Үржар ауданының Үржар ауылында – дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Аягөз қаласы және Көкпекті ауылында – бассейн, Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылында, Ұлан ауданының Айыртау ауылында, Үржар ауданының Таскескен ауылында, Күршім ауданының Боран ауылында, Зайсан ауданының Айнабұлақ және Дайыр ауылдарында – спорттық модульдер.

Сонымен қатар, спортта жоғары жетістіктерге жету мақсатында келесі жылдан бастап халықаралық деңгейдегі спорт консультанттарын тарта отырып, спорттың басым түрлері бойынша облыстың жаттықтырушыларын оқыту жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button