
Баспасөз-конференциясы барысында ШҚО цифрландыру басқармасының басшысы Марина Гагарина айтып өткендей, біріңғай ситуация орталығы 1600 әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді бақылап отырады, 74 кейс жұмыс істейді, 35 жүйеаралық интеграция бар. Осының барлығы экономиканың барлық салаларының дамуы туралы негізгі ақпараттың дұрыс сандық жинағын жасайды.
Оның құрамына «112» біріңғай кезекші-диспетчерлік қызметі, «109» шұғыл сұрақтарды қабылдау бойынша қызметі кіреді. Қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, оқиғаларға жауап береді. Кешен іске қосылғаннан бастап 505 мыңнан астам қоңырау, 216 мың сұрақ қабылданған.
Сонымен қатар ситуациялық орталық платформасында короновирус инфекциясының ошақтарын жою орталығы құрылды. «Мен карантиндемін» мобильді қосымшасы, инфекция ошақтары бойынша жылу картасы жасалды, облыстағы аудандар мен қалалардағы стационарлардың қуаттылығына мониторинг жүргізетін сандық сервисі, сондай-ақ эпидемиологиялық жағдайдың тәуліктік көрсеткіш динамикасы енгізілді.
- Талдау мәліметтері барлық көрсеткіштер бойынша тәуліктік режімде алынады, сондықтан автоматтандырылған сервистер бізге короновируспен күрес бойынша басқармашылық шешім қабылдауға көмектеседі, – деді Марина Гагарина.
Сонымен қатар, өткен жылы ведомство азаматтардың өтініштерін қабылдау бойынша біріңғай интеграция платформасын құрады. Биылғы жылдың басынан бастап платформаға 28 мың хабарлама түскен.
Спикер атап өткендей, ведомствоаралық ситуация орталығының жақсы даму динамикасы оқиғаларға жауап беру уақытын қысқартуға мүмкіндік берді және азаматтардың сенімін арттырды.
Semeynews.kz