ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да ЖШС директоры алаяққа жем болды

Шығыс Қазақстанда серіктестік директоры автокөліктердің қосалқы бөлшектерін сатып алмақ болып, алаяққа жем болды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 23 қарашасында Өскемен ПБ Ертіс полиция бөліміне 45 жастағы ЖШС директоры жүгінген. Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 11 қарашасында бейтаныс ер адаммен автобус қозғалтқышының қоссалқы бөлшектерін жеткізу бойынша келісім болып, 800 мың теңге берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін уәде берген азамат байланысқа шықпаған.

  • Жедел-іздестіру шаралары барысында 29 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды, сұрау алу барысында ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп түсіндірді ведомствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button