ҚазақстанҚоғамСпортТОП

Волейбол: Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы анықталды

Петропавл қаласында Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының 1-туры аясында суперкубок сарапқа салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел чемпионы, сондай-ақ биылғы кубок иегері Өскеменнің «Алтайы» мен Қазақстан кубогының финалисі талдықорғандық «Жетісу» алаңға шықты.

Сербиялық маман Марко Гршич жаттықтыратын өскемендік қыздар (команда капитаны Сана Анарқұлова) алғашқы партияда басымдылық танытты – 25:16.

Екінші сетте Елена Павлованың шәкірттері есепті теңестірді – 25:21. Дегенмен бұдан кейін «Алтай» қарсыластарына дес берген жоқ – 25:19, 25:17. Жалпы есеп – 3:1.

Осылайша өскемендіктер бесінші рет суперкубокты ұтып алды. Бұл – олардың биылғы төртінші жүлдесі. «Алтай» бұған дейін чемпиондық пен кубокқа қоса Азия клубтық

біріншілігінде де үздік шыққан болатын.

«Алтай» жаңа маусымды да сәтті бастап, 1-турда жеті ойыннан кейін 21 ұпаймен жекедара бірінші орынға шықты.

Талдықорғандықтар 6 кездесуден 15 ұпай жинап, екінші сатыда қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Өскеменнің «Алтайы» Қазақстан кубогының жеңімпазы атанғанын, волейболдан ерлер арасында суперкубогының иегері анықталғанын жазған болатынбыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button