
27 – 30 қазанда Францияда сурдодзюдодан Әлем Чемпионаты өтеді. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен үздік деп танылған спортшылар өнер көрсетеді. Аталған жарыста ел намысын ІІІ топтағы есту қабілеті нашар Ляззат Бақтиярова қорғайтын болады.
Ляззат екі жыл шамасында сурдодзюдомен шұғылданады және спорт шеберіне үміткер болып табылады. Жақында чемпионаттың іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, енді әлемдік деңгейде ел намысын қорғауға шықты.
Semeynews.kz