Бұл туралы онлайн-брифингте аталған емхананың дәрігер-эпидемиологы Айтжамал Төлеубаева мәлімдеді.
- Вакцинациялау ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында басталды. Бүгінгі таңда біздің емханада 21 098 адам екпе алды. Бірінші компонентімен 12 007 адам вакцинацияланды. Бізде қазір «Vero Cell» вакцинасы бар. Бізде короновирусқа қарсы вакцина алған үш адамның науқастану жағдайы орын алды, бірақта бұл жағдайда ауру жеңіл формада өтеді. Вакцина бүгінгі таңда осы індеттен арылудың жалғыз жолы және тек вакцинацияланудың арқасында ғана біз қылыпты өмірге орала аламыз, – деп қорытындылады Айтжамал Төлеубаева.
Semeynews.kz