ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Қызылордада мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті

Қызылорда облысы аумағында Ресейден Өзбекстанға бет түзеген жүк көлігіндегі тауарлар толықтай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының Арал ауданы аумағындағы 1338 шақырымында болды. Реесйден Өзбекстанға бара жатқан «Volvo» жүк көлігіндегі 21 тонна мақта толықтай жанған.

«Бұл жөнінде хабар келгеннен кейін ең жақын өрт сөндіру бөлімінің мамандары жұмылдырылды. Қашықтық 34 шақырымды құрайды. Оқиға орнына 2 техникамен 7 қызметкер жедел жетті. Өрт жылдам оқшауланды. Оқиға барысында жарақат алған адам жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында қорада жиналып тұрған 3000 бау шөп өртеніп кетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button