ҚоғамСемейТКШТОП

Семейде жер үй иелері көмірді үш қоймадан сатып ала алады

Қатты отынды «Жігер» ЖШС және «Семей көмірі» ЖШС сатады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің хабарлауынша, көмір сатып алуда айғай-шулар, арпалыстар байқалмайды.

  • Тұрғындардың көпшілігі көмір сатып алған. Кейбіреулері шілде айының басында сатып алды, сондықтан өткен жылдардағы сияқты айғайлар жоқ. Бүгінгі таңда көмірді сатумен екі кәсіпорын айналысады, олар – «Жігер» ЖШС және «Семей көмір» ЖШС. «Жігер» ЖШС екі тұйығы бар: Знаменск тас жолының үшінші шақырымында және Шығыс кентінде. Осы тұйықтардан тұрғындар өздері тасып әкете алады, көмір жеткілікті. Күнделікті бес вагон әкелінеді. Осы жерлерде көмір түсіріліп, мекенжайларға жеткізіледі, – деді тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Елена Проскурякова.

Знаменск тас жолында көмір құны тоннасына 9200 теңге, Шығыс кентінде – 9500 теңге. 72 кварталдағы тұйықтан, 631-631 байланыс телефоны арқылы тапсырыс беру арқылы алуға болады. Бұл жерде көмірдің тоннасы, жеткізіп бергенін қоса есептегенде 10 700 теңгеге шығады.

Сонымен қатар ТКШ бөлімінде «Теплокоммунэнерго» МҚК алдағы жылыту маусымында 478 830 тонна тұтынатынын атап өтті.

  • «Теплокоммунэнерго» МҚК және «Қаражыра» АҚ арасында 70 мың тонна көлемінде көмірді жауапты сақтауға келісім бар. Жеткізу 2 тамыздан бастап жүргізілуде. Қазіргі уақытта 34 424 тонна жеткізілді, бұл – 498 вагон. Онкүндік нормативтік запас 24 тоннаны құрайды, – деп қорытындылады Елена Проскурякова.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button