ҚоғамСемейТОП

Семейде жылумен қамтамасыз ету проблемаларын шешуге 1,7 млрд теңге бөлінді

Бұл туралы Семей әкімі Бақытжан Байахметов қала активінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

  • Жылумен қамтамасыз етудің проблемалық мәселелерін шешу үшін 1,7 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде жылумен қамтамасыз ету нысандарына ағымды жөндеу жүргізуге – 1,3 млрд теңге (облыстық бюджет есебінен – 900,2 млн теңге, қалалық бюджеттен – 426,8 млн теңге), қазандықтарды және жылу жүйесін қайта құрудың  ЖСҚ әзірлеуге – 447,6 млн теңге, олар «Орталық», «Ғаббасов», «103-103А», «35 квартал», «Мал-дәрігерлік институты» қазандықтары, Физкультурная – Боранбай би көшелеріндегі жылу жұйелері, – деді Бақытжан Байахметов.

Қарағайлы тұрғын ауданын жылумен қамтамасыз ету үшін РК-3 қазандығын қайта құрудың екінші кезегі аяқталды. Бұл қазандықтың қуаттылығын сағатына 41,95-тен 70 Гкал-ға дейін арттырады. Келешекте аудандағы тұрғын үйлер қорының 1 187 мың шаршы метрге өсуін ескере отырып, РК-3 қазандығының қуаттылығын сағатына 130 Гкал-ға дейін өсіру жоспарлануда. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздеме әзірленуде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button