ҚазақстанҚылмысТОП

Адам өлтіргендер табылмай жатыр: Оралда түнгі клуб маңынан төбелес шықты

11 қыркүйекте Оралда түнде Нұрсұлтан Назарбаев даңғылындағы ойын-сауық кешендерінің бірінің маңында болған төбелес болды. Ер адамды өлтіріп кеткендер табылмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 11 қыркүйекке қараған түні сағат шамамен 00:08-де Назарбаев даңғылының бойында төбелес болғаны туралы хабар түскен.

“Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, 25-30 жас шамасындағы белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Кейіннен оның 1992 жылғы БҚО тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі таңда аса ауыр қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр”, – делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-тармағы бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.

Құзырлы органдар қылмыс куәгерлерін Абай полиция бөліміне не болмаса 102 номеріне хабарласуды сұрайды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button