ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала көшелерін жөндеу жұмысымен танысты

Бақытжан Байахметов қаладағы көшелерді жөндеу жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Шаһар басшысы қаладағы Молдағалиев, Сорокин, Ертіс және Жамбыл көшелеріндегі жолдарды жөндеу жұмысымен танысты. Жол тораптарын қосатын “Турист” қонақ үйі маңындағы айналма жол айырығы  жөндеумен қамтылмаған. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

  • Сонымен қатар, бұл ауданда көшені жарықтандыру жүйесін ретке келтіру керек. Көшені жарықтандыру қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі және тұрғындардың шағымдары орынды. Айта кетейік, Молдағалиев көшесі ЕҚДБ-мен келісім аясында көше жарығын жаңғырту жобасына қосылған, сондықтан мұнда жақын арада жаңа бағаналы шамдар пайда болады. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін айналма жолды абаттандырылады. Көгалдарды егу және гүл отырғызу қажет болады. Осы ретте, іргелес жатқан үйлер мен ғимараттардың меншік иелері де көшелердің келбетін жақсартуға өз үлестерін қосатынына сенімдімін, – деді қала басшысы.

Жөндеу жүргізілген көшелерде қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында жол белгілері орнатылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button