ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылғы 10 қыркүйекте сағат 02:15 шамасында Джангильдин-Шугаев көшелерінің қиылысында, 40 жастағы “КамАЗ” жүк көлігінің жүргізушісі маневр жасау кезінде көлікті басқара алмай көлік аударылған. Зардап шеккендер жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚК 620-бабы бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Аталған бап бойынша, ескерту жасауға немесе үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Semeynews.kz