ҚазақстанСпортТОП

Щучинскіде шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при кезеңі аяқталды

Щучинск қаласында ерлер арасында шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы Гран-при кезеңі өз мәресіне жетті деп хабарлайды Semeynews.kz Olympic.kz сілтеме жасап.

Жарыс бағдарламасының екінші түрінде спортшылар үлкен трамплиннен секіру керек болатын.  Алайда ауа райы жағдайына байланысты турнирді К-90 трамплинінде қайта өткізу туралы шешім қабылданды.

Жеңіске норвегиялық Халвор Эгнер Гранеруд 221,4 ұпаймен ие болды.  Екінші орынды Роберт Юханссон (Норвегия) алды – 212,4.  Үздік үштікті тағы бір норвегиялық Мариус Лидвик 211.8 көрсеткішімен қорытындылады.

Қазақстандық Сергей Ткаченко 196,2 ұпаймен оныншы болды.  Данил Васильев 14 орында 187.1 ұпаймен тұрақтады.


ФОТО: Қазақстан ҰОК, Сали Сабиров

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button