ӘлемСпортТОП

ҰОК Президенті паралимпиадашыларды алтын медалімен құттықтады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаевты Токиодағы алғашқы алтын медальмен құттықтады, деп хабарлайды Semeynews.kz Olympik.kzке сілтеме жасап.

Чемпиондық атақты пауэрлифтер Давид Дегтярев жеңіп алған болатын.

«Бұл жүлде спортшының және Паралимпиадалық комитеттің ұзақ жылдардан бергі еңбегінің жемісі. Паралимпиадашылар командасын әлі жарқын жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Сізге және атлеттеріңізге үлкен табыс тілеймін», – делінген құттықтауда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button