ҚазақстанҚоғамТОП

Президент Қазақстан полициясының дайындығына баға берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қайсар-2021»оқу-жаттығу жиынына қатысып, ел полициясының дайынығына баға берді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайсар-2021» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланы бөлімшелерінің Алматы облысындағы жауынгерлік және әдістемелік дайындық орталығы базасында өтті. Ішкі істер министрі ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындауға әзірлігінің жай-күйі туралы баяндап, қолданылатын арнайы, әскери техника мен қару-жарақтың үлгілерін ұсынды», – деді ресми өкіл.

Оның атап өтуінше, іс-шара барысында Мемлекет басшысына жаттығу жүйелері, скалодром, оқу орталығының мультимедиа тирі, сондай-ақ қызметкерлерді арнайы даярлау элементтерімен көрнекі қойылымдар көрсетілді.

«Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі күштерінің дағдарыстық жағдайлардың жолын кесу жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге әзірлігіне оң баға берді. Ол полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің біліктілігін арттыру үшін озық халықаралық тәжірибені мұқият зерттеп, қолдану қажеттігін атап өтті», – деді Нұрділдә Ораз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button