ӘлемҚазақстанҚоғамТОП

Қасым-Жомарт Тоқаев Пан Ги Мунмен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапарын Жаһандық жасыл даму институты (GGGI) Ассамблеясының төрағасы, БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесумен түйіндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Тараптар жаһандық климаттың өзгеруі, экономиканы көміртегінен ада ету, «жасыл технологияларды» енгізу мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Пан Ги Мун халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер мен заманауй сын-қатерлер туралы пікір алмасты.

Пандемияға қарсы күресті күшейтуге және Ауған мәселесін реттеудің перспективаларына ерекше назар аударылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button