ҚоғамСемейТОП

Семейде жаңа бағдаршамдар орнатпақ

Семейде жаңа бағдаршамдар орнату жоспарлануда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қалалық әкімдікпен Шугаев және Жангелдин көшелерінің қиылысында 4 жаңа бағдаршам орнатуға конкурс өтіп, мердігер мекеме анықталған.

  • Бағдаршамдарды орнату және басқа да қосалқы жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек аяғына дейін жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді баспасөз қызметінде.

Сонымен қатар, полиция басқармасында жоғарыда аталған қиылысқа тиісті жол белгілері – “Басты жол” және “Жол беру” белгілері орнатылғанын хабарлады.

  • Жүргізушілер жол қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа алулары қажет. Полиция тарапынан жол қозғалысы ережесіне бақылау күшейтілді, – деп қосымшалады полиция басқармасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button