
Екі команда үшінші орын үшін таласқан. Ойын соңында “Торпедоның” шабуылшысы Стас Петросян шыдай алмай, “Куньлунь Ред Стардың” форварды Ян Хуға жұдырық ала жүгірді. Екеуінің жекпе-жегі ұзаққа созылды. Басқа хоккейшілер араласты. Арты жаппай төбелеске ұласып кетті. Соның нәтижесінде “Куньлунь” клубының бес бірдей ойыншысы айыппұл уақытын өтеуге аттанды. Ал “Торпедодан” үш хоккейшісі ескерту алды.
Осы ойында “Куньлунь” командасы жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 1:2. Финалда “Барыс” пен “Сарыарқа” кездеседі.
Айта кетері, бес жыл бұрын Қазақстан президенті кубогы үшін хоккей турнирінде тура сондай төбелес болған. Бірақ ол кезде “Барыс” ойыншысы Дамир Рыспаев “Куньлунь Ред Стардың” үш хоккейшісін соққыға жықты. Одан кейін қарсыластың басқа ойыншыларына тап берді. Осы оқиғадан кейін Құрлықтық хоккей лигасы Рыспаевты лига ойындарынан шеттетті.
Semeynews.kz