
Табиғи апат салдарынан әсіресе таулы аймақта орналасқан Хубэй провинциясының Суйсянь уезіндегі Люлинь кенті зардап шекті. Тәулік ішінде бұл жерде 503 мм жауын-шашын түскен.
Қытайлық БАҚ мәлімдемесіне сәйкес, нөсер жауын салдарынан Люлинь кентінде 21 адам қаза тауып, тағы төртеуі із-түссіз жоғалды. Апат салдарынан Люлинь кентінің 8 мың тұрғыны зардап шекті, сондай-ақ 2,7 мың құрылыс зақымдалған. Жолдарды су басып, 63 көпір және 700-ден астам электр бағанасы бүлінген.
Қазіргі кезде мұндағы автомобиль қозғалысы, байланыс және электрмен жабдықтау әлі қалпына келтірілген жоқ.
Еске салсақ, бүған дейін Қытай елінің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан 7 мыңнан астам адам шұғыл қауіпсіз жерге көшірілгені туралы хабарлаған болатынбыз.
Semey News