ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейде көліктен есірткі заты табылды

Семей қаласынан Курчатов қаласына шығатын тасжолда 38 жасар қала тұрғынының басқаруындағы «Ваз» автокөлігінен есірткі заттары табылды, деп хабарлайды Semey News.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 тамызында Әуезов ПБ қызметкерлері патрулдік полиция батальоны инспекторларымен бірге Республика аумағында өтіп жатқан «Қарасора»  жедел –прафилактикалық шарасы барысында көлікті тоқтатқан. Жүргізуші және көлік ішіндегі екі жолаушы  өздерін ұстаулары күдікті болып көрінген. Осыған байланысты көлік құралына тексеру жүргізу үшін жедел-тергеу тобы шақырылған. Жедел-тергеу тобы  жасаған  тінту барысында  көліктің жүк салғышы ішінде кептірілген, өзіне тән иісі бар, жалпы салмағы бір келіге жуық  шөп салынған үш полиэтилен пакет табылып тәркіленді. Сараптама қортындысы сәйкес тәркіленген жасыл өсімдік тектес зат – кептірілген «Марихуана» есірткі заты болып шықты.

  • Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Полицейлер істің барлық мән-жайын және ер адамның өзімен бірге үлкен мөлшердегі есірткіні не үшін алып жүргенін анықтауда- деді қалалық басқарма бастығы полковник Шалқар Құнанбаев.

Semey News

Осы айдарда

Back to top button